Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығына барды
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Мемлекет басшысы Орал қаласында биыл ашылған «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығын аралап көрді. 

Заманауи техникалармен жабдықталған денсаулық сақтау мекемесі алдын ала зерттеліп, сұранысқа сай бейімделіп салынған. Бұрындары облыс тұрғындары емделу үшін көрші елдің қалаларына көптеп баратын. Енді жергілікті тұрғындар осы орталықтан-ақ сапалы медициналық көмек алып отыр.

Жеке инвестиция есебінен салынған медициналық орталық көз және тіс аурулары бойынша консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді. 

Қазақстан Президенті орталықты өз қаржысына салып, мамандарын Оңтүстік Кореяда, Ресейде оқытқан инвесторға ризашылығын білдіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары