Жаңалықтар

6 ақпан 2013
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездесу өткізді

Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Бүгінде Испания Еуропадағы негізгі саяси серіктестердің бірі болып саналады, Қазақстанмен Стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойған екінші еуропалық елге айналып отыр.

Сонымен қатар, Испания қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастық туралы шарттардың бүкіл топтамасы жасалған ЕО-қа мүше алғашқы ел болып саналады.    


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар