Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Әкімшіліктің миссиясы Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.
Әкімшіліктің негізгі міндеттері:
1) Президенттің мына салалардағы:
- сыртқы саясаты;
- әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
- қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
- құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
- кадр саясаты;
- Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
- Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
- соттар мен судьяларға қатысты;
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
- жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
- өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.
Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2018- 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес қайта бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №17-42-3.3.13 бұйрығының күші жойылсын.
3. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы үшін жауапты болып Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаев белгіленсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков
Бұйрыққа №1 қосымшаны мына жерден қараңыз
Бұйрыққа №2 қосымшаны мына жерден қараңыз
Бұйрыққа №3 қосымшаны мына жерден қараңыз
Бұйрыққа №4 қосымшаны мына жерден қараңыз
Бұйрыққа №5 қосымшаны мына жерден қараңыз
Бұйрыққа №6 қосымшаны мына жерден қараңыз